Егер котлет жегіңіз келсе…
Бул мәтінді жазбас бұрын айта кетейін, автор (яғни, мен) Қазақ елінде емес (Ресейде), сондықтан мусылман болғандықтан Ресейдің барлық тағамын жей алмайды! Харам заттар көп, ал халал заттар кымбаттау, және де автор студент қатарына жатады.
Қанша дегенмен қазақпыз ғой, ет жемесек түсімізге кіре бастайды! Әсіресе Москва қаласындағыдай еттің бағасын көрсен етпен бірге түсіңе оның бағасы көрінеді. Бір жолын табу керек! Сонымен мынадай тамақ үлгісін жасап көрдім!
Магазинге барып, ұн, консервідеги балық (Сардинель), картошке, күріш алып келдім. Картошка мен күрішті асып қойдым жеке жеке. Картошканы езіп езіп үстіне асылған күріш салдым. Оның үстіне бір консерві сардинель салдым. (бір кесе күріш, төрт бес түйір картошка, бір консерві банкасы) барлығын араластырып араластырып дәмін келтіру үшін тұз қостым!
Шемішкі майды қыздырып одан кейін, жайпақ табақшаға ұн салып, араластырылған қоймалжыңды алақандай етіп түрге келтіріп ұнға былғап былғап майға қуыра бастадым!
Сонымен тамаша котлеттер шықты! әрі көөөп әрі кешкі тамақ ретінде жарайды! мұздай күйінде де ыстық күйінде де жеуге болады!
Жеп отырған уақытымда сәл пәл иісін нәрләндіру үшін шөп қосу керек деп ойлап қойдым келесі жолы!
Ас Дәмді болсын!!!
5 пікір »
Пікір қалдыру
-
Recent
-
Links
-
Мұрағаттар
- Сәуір 2009 (4)
-
Категориялар
-
RSS
Entries RSS
Comments RSS
Меры выживания дейсин гой?! Бирак кунары аз сиякты. Козди алдаганмен, асказанды алдау киын гой!!! Саспа, ертен елге келген сон, тышкак лак болса да, таза еттен жейсиндер.
келесі кезек салаттар
етсіздіктен жалыққанда көп-шаламға көшерсіз…
асыңыз дәмді болсын!
Не ғой, фантазиялар айдары ма мынау..?)))
) аха дал таптын Руслан)
анан кара… КОШЕМЕТ!!! уакыт болгенине, жасаганына респект!!!